Қазақстан саяхатшылардың көзімен
Қазақстан бойынша біздің туристік гидтерімізбен қызықты бағыттарды, таңғажайып орындарды және ұмытылмас әсерлерді ашыңыз. inDrive.Қалааралықпен бірге саяхат жолына шығыңыз!

Бұл бейнебаяндарда сіз ең қызықты жерлермен танысасыз, ал жүргізуші-блогерлер Әлия мен Әсет олар туралы толығырақ айтып береді.

Саяхаттарымыздың шығарылымдарын көріңіз

Саяхатшыға арналған гайд

Гайдты жүктеу
Біз мұнда баруға тұрарлық ең қызықты жерлерді жинадық. Бұл топтамадан сіз тек біздің емес, сонымен қатар біздің оқырмандардың кеңестерін көре аласыз.
Облысты таңдаңыз:
Көлсай көлдері — Алматыдан 330 шақырым жерде орналасқан үш биік таулы көлдердің жүйесі. Саяхат аясында мұнда жеңіл автокөлікпен және автобуспен жетуге болады.

Толығырақ...
Алматы облысы
@aizhan_baigulova
Шарындағы келушілер орталығы, «Қамалдар алқабы» және глэмпингтер Алматыдан 195 шақырым жерде орналасқан. Бұл күні бойғы естен кетпес саяхат болары анық.

Толығырақ...
Алматы облысы
@jdegreen
Тамғалы-Тас (Таңбалымен шатастырмаңыз) — жартастағы суреттер мен петроглифтерді ұнататындар үшін тамаша орын. Алматыдан шамамен 100 шақырым жерде орналасқан, көлікпен 2-3 сағатта жетуге болады.

Толығырақ...
Алматы облысы
@zhanerke.b.08
Тәлімбақтар Іле Алатауының бөктерінде, Алматыдан 50 шақырым жерде орналасқан. Кептеліссіз жол қала орталығынан 45 минутқа созылады.

Толығырақ...
Алматы облысы
Шамшырақ — Алматы облысындағы көрнекті орын. Мұнда қала сыртындағы фотосессияларды ұнататындар көп келеді. Көлге және күннің батуына шамшырақтан қарасаңыз, керемет көрініс ашылады.

Толығырақ...
Алматы облысы
Бектау Ата — Қарағандыдан 310 шақырым жерде орналасқан тау тізбегі. Шатқалда алыптардың жартастағы мүсіндерін көруге болады. Басты ерекшелігі — қар жауғанда немесе ерігенде толып кететін шағын су қоймалары. Бұл жер хайкингке, фотосессияға және қаладан алыс жерде демалуға таптырмас орын.

Толығырақ...
Қарағанды облысы
@amiiow_
Еліміздегі ең үлкен көлдердің бірі — Балқаш көлі 600 шақырымға созылады. Оның басты ерекшелігі — көлдің батыс бөлігі тұщы, ал шығысы тұзды. Сіз не жабайы жағалауға, не жақсартылған демалыс аймағына бара аласыз.

Мұнда автокөлікпен М36 Қарағанды-Балқаш тас жолы арқылы жетуге болады. Жолдың ұзақтығы бір бағыт үшін шамамен 5 сағатты құрайды.

Толығырақ...
Балқаш көлі
Қарағанды облысы
@geroinych_
Бұл бақ Қазақстанның төрт ірі жылыжайының бірі болып саналады. Ол мәдениет және демалыс саябағында орналасқан. Кіру құны ересек адамға — 300 теңге, балаға — 200 теңге. Кәсіби түсірілім тарифі/бағасы — 3 000 теңге. Қысқы бақ бейсенбіден жексенбіге дейін 08:00–ден 18:00–ге дейін жұмыс істейді.

Қарағандыдан Теміртауға дейінгі жол небәрі 30 минутты құрайды.

Толығырақ...
Теміртау қысқы бағы
Қарағанды облысы
Шайтанкөл — Қарқаралыдан батысқа қарай 5 шақырым жерде орналасқан тылсым орын. Бұл жер туралы көптеген үрей тудырарлық аңыздар бар. Бір білетініміз, мұнда шынымен қорқынышты, сол үшін сапарыңызды күндізгі уақытқа жоспарлауға кеңес береміз.

Толығырақ...
Қарағанды облысы
@madina.jpg
Қоқиқаздарды, тырналарды және басқа да құстарды көргіңіз келсе, Қорғалжын қорығына аттаныңыз. Мұнда таксимен, автобуспен немесе жеке көлікпен баруға болады.

Толығырақ...
Ақмола облысы
@_aiaylumi
Бұл жерді көбі біле бермейді, ал оны іздеп-табу оңай емес. Шатқалды балықшылар мен сапборд әуесқойлары жақсы көреді, өйткені мұндағы Сілеті өзені ең мөлдір өзендердің бірі. Жергілікті ландшафт фотосуреттерде керемет көрінеді.

Толығырақ...
Ақмола облысы
Сұңқар таулары қаладан Ерейментауға қарай 120 шақырым жерде орналасқан. Жол жақсы трасса арқылы өтеді. Алайда шамамен 15 шақырым жерді ауылдық жолмен жүруге тура келетінін айта кеткен жөн. «Балықты» көрсеткішінде бұрылып, ауылдың өзіне жетсеңіз, алда сізді қажетті жерге апарар көрсеткіштер болады. Жолдың ұзақтығы бір жарым сағат.

Толығырақ...
Ақмола облысы
Ақтаудан 110 шақырым жерде орналасқан ерекше құрылыс, қасиетті жерлерді ұнататындардың қызығушылығын тудырары анық. «Үңгірге» күн батқанға дейін кіріп көрсе болады. Кіру тегін. Мұнда не туртоппен, не өз көлігіңізбен жете аласыз.

Толығырақ...
Маңғыстау облысы
@akgulimi
Егер сіз қалада серуендеп, табиғи көрікті жерлерге де барсаңыз, Ақтаудағы сапарыңыз жүздеген есе күшті болмақ.

Көруге тұрарлық бірінші орын — Шар алқабы. Алқапқа апаратын жол бір жарым сағатты құрайды, қашықтығы шамамен 110 шақырым, оның көп бөлігі тегіс жол.

Толығырақ...
Торыш шар алқабы
Маңғыстау облысы
Шерқала — Қазақстанның батыс бөлігіндегі тағы бір must visit орын. Шерқала әлемнің түкпір-түкпірінен келген саяхатшыларды өзінің биік шыңдарымен, жартастарымен және беткейлердің ерекше пішінімен таң қалдырады. Айтпақшы, орта ғасырларда бұл жерлермен Ұлы Жібек жолы өткен.

Толығырақ...
Маңғыстау облысы
Біздің туристік жолсеріктің алғашқы мекені — Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. Ол Түркістанда, Шымкенттен 180 шақырым жерде орналасқан. Өз көлігіңізбен шамамен 3 сағатта жетесіз.

Толығырақ...
Түркістан облысы
Ақмешіт — табиғаттың күшімен пайда болған қасиетті ғибадатхана. «Ақ мешіттің» тереңдігі 25 метрге жетеді. Үңгірдің ішінде өзіндік микроклимат бар, соның арқасында мұнда ағаштар өседі. Жұмбақ жер көптеген адамдарды өзінің энергиясымен ғана емес, сұлулығымен де тартады.

Толығырақ...
Түркістан облысы
Қырық қыз — пішіні Каппадокияға ұқсайтын табиғи ескерткіш, Шымкенттен 90 шақырым жерде орналасқан. Мұнда турмен немесе өзіңіздің көлікпен жете аласыз. Турмен жол жүру уақыты көлік пен жол бойындағы аялдамаларға байланысты.

Толығырақ...
Түркістан облысы
@yosumanyo
Наурызым қорығы — бұл қызыл кітапқа енген жануарлар, сирек кездесетін өсімдіктер және ЮНЕСКО–ның Бүкіләлемдік мұрасына енген қорық аймағы. Ол Қостанайдан 190 шақырым жерде, Қостанай-Қараменді трассасымен 2,5 сағаттық жерде орналасқан.

Толығырақ...
Қостанай облысы
@yosumanyo
Көл жылдың кез-келген мезгілінде тамаша, таулы суайдындарын ұнататындарға керемет әсер қалдырады. Имантау Көкшетаудан 90 шақырым жерде орналасқан.

Көкшетаудан автобус күн сайын жүреді, бір бағыттағы жолға шамамен 2 сағатты құрайды. Немесе сіз Жылан аралына баратын экскурсияны ала аласыз.

Толығырақ...
Солтүстік Қазақстан облысы
@asd_moonwise
Еліміздегі ең үлкен көлдердің бірі — Балқаш көлі 600 шақырымға созылады. Оның басты ерекшелігі — көлдің батыс бөлігі тұщы, ал шығысы тұзды. Сіз не жабайы жағалауға, не жақсартылған демалыс аймағына бара аласыз.

Мұнда автокөлікпен М36 Қарағанды-Балқаш тас жолы арқылы жетуге болады. Жолдың ұзақтығы бір бағыт үшін шамамен 5 сағатты құрайды.
Балқаш көлі
Қарағанды облысы
@geroinych_
Бұл бақ Қазақстанның төрт ірі жылыжайының бірі болып саналады. Ол мәдениет және демалыс саябағында орналасқан. Кіру құны ересек адамға — 300 теңге, балаға — 200 теңге. Кәсіби түсірілім тарифі/бағасы — 3 000 теңге. Қысқы бақ бейсенбіден жексенбіге дейін 08:00–ден 18:00–ге дейін жұмыс істейді.

Қарағандыдан Теміртауға дейінгі жол небәрі 30 минутты құрайды.
Теміртау қысқы бағы
Қарағанды облысы
Егер сіз қалада серуендеп, табиғи көрікті жерлерге де барсаңыз, Ақтаудағы сапарыңыз жүздеген есе күшті болмақ.

Көруге тұрарлық бірінші орын — Шар алқабы. Алқапқа апаратын жол бір жарым сағатты құрайды, қашықтығы шамамен 110 шақырым, оның көп бөлігі тегіс жол.
Торыш шар алқабы
Маңғыстау облысы
Көлсай көлдері — Алматыдан 330 шақырым жерде орналасқан үш биік таулы көлдер жүйесі. Саяхат аясында мұнда жеңіл автокөлікпен және автобуспен жетуге болады.

Алматыдан жету үшін Құлжа тас жолының торабына дейін (Шелек ауылына дейін 1 километр жерге) жүру керек. Одан кейін оңға бұрылып, Шонжыға дейін тура жүресіз. Содан соң келесі бағыттарды ұстанасыз: Көкпек ауылы — Жалаңаш ауылы — Саты ауылы. Көл Саты ауылының ар жағында орналасқан, ал сізге әрі қарай автотұраққа жету керек. Бір бағыттағы сапардың ұзақтығы — 4 сағат.
Көлсай көлі
Алматы облысы
@aizhan_baigulova
Шарындағы келушілер орталығы, «Қамалдар алқабы» және глэмпингтер Алматыдан 195 шақырым жерде орналасқан. Бұл күні бойғы естен кетпес саяхат болары анық.

Өз көлігіңізбен жақсы жол арқылы шатқалға 3 сағатта жетуге болады. Алдымен Құлжа тас жолымен 110 шақырым жүріп, Шелек жол торабына жетесіз. Содан соң оңға бұрылып, 165 шақырымнан кейін қайтадан оңға жүріп, Көкпек ауылы арқылы барасыз. 23 шақырымнан кейін Шарын шатқалына бұрылатын көрсеткіш болады. Экопостқа апаратын ауыспаны жіберіп алмаңыз.

Егер өз бетіңізше барғыңыз келмесе, алматылық турагенттіктерден тур сатып алсаңыз болады.
Шарын шатқалы
Алматы облысы
@jdegreen
Тамғалы-Тас (Таңбалымен шатастырмаңыз) — жартастағы суреттер мен петроглифтерді ұнататындар үшін тамаша орын. Алматыдан шамамен 100 шақырым жерде орналасқан, көлікпен 2-3 сағатта жетуге болады.

Қонаев қаласына баратын бағытты ұстану керек. Жол өте жақсы. «Шекара» жол полициясы бекетінен кейін тағы 30 шақырым жүресіз. Көпірден кейін солға бұрылып, Бақанас ауылына қарай бағыт аласыз/жүресіз. 19 шақырымнан кейін «Кербұлақ» атты жасыл кафені көресіз. Мұнда қара жолға қарай солға бұрылу керек. Уайымдамаңыз, бұл жолмен кез-келген көлік жүре алады. 10 шақырымнан соң жол торабында солға бұрылып, тағы 2 шақырым жүресіз.
Тамғалы Тас
Алматы облысы
@zhanerke.b.08
Тәлімбақтар Іле Алатауының бөктерінде, Алматыдан 50 шақырым жерде орналасқан. Кептеліссіз жол қала орталығынан 45 минутқа созылады.

Алманың ондаған сорттары бар үлкен бақтар — Алматы атауының қайдан шыққанын еске салатын тамаша орын. Қатар-қатар симметриялы ағаштар, жағымды көлеңке және жаңа піскен алманың иісі. Кіру тегін, тіпті алма сатып алуға да болады. Бағалары алма сұрыптарына қарай әртүрлі.
Түрген алма тәлімбақтары
Алматы облысы
Шамшырақ — Алматы облысындағы көрнекті орын. Мұнда қала сыртындағы фотосессияларды ұнататындар көп келеді. Көлге және күннің батуына шамшырақтан қарасаңыз, керемет көрініс ашылады. Жылы кездерде адамдар сапбордпен жүзеді. Бұл кинематографиялық орынға кіру ақылы, бір адамға 1 000 теңге.

Шамшырақ Алматыдан 120 шақырым жерде орналасқан. Жол мінсіз Алматы-Қонаев трассасы арқылы өтеді, оған бір жарым сағат ішінде жетуге болады. Бөгеттің оң жағындағы «Қарлығаш» кафесі сізге бағыт ретінде қолдансаңыз болады.
Қонаев қаласындағы шамшырақ
Алматы облысы
Бектау Ата — Қарағандыдан 310 шақырым жерде орналасқан тау тізбегі. Шатқалда алыптардың жартастағы мүсіндерін көруге болады. Басты ерекшелігі — қар жауғанда немесе ерігенде толып кететін шағын су қоймалары. Бұл жер хайкингке, фотосессияға және қаладан алыс жерде демалуға таптырмас орын.

Мұнда жол талғамайтын көлікпен келген жөн, өйткені жолдың кейбір бөліктері нашар, ал автобустар дәл сол жерге бармайды. М36 тас жолымен Балқашқа қарай жүру қажет. Содан кейін Балқаш қаласына 57 шақырым жетпей, «Бектау-Ата» көрсеткішіне қарай бұрылып, тағы 12 шақырым жол жүріңіз. Бір бағыттағы сапардың ұзақтығы — шамамен 3 сағат.
Бектау Ата
Қарағанды облысы
@amiiow_
Шайтанкөл — Қарқаралыдан батысқа қарай 5 шақырым жерде орналасқан тылсым орын. Бұл жер туралы көптеген үрей тудырарлық аңыздар бар. Бір білетініміз, мұнда шынымен қорқынышты, сол үшін сапарыңызды күндізгі уақытқа жоспарлауға кеңес береміз.

Қарағандыдан жол 4 сағат немесе 220 шақырымды құрайды. Алайда қазір жол жөнделуде, сондықтан ол жүруге қолайсыз. Жергілікті тұрғындардың айтуынша жөндеу жұмыстары 2024 жылы толығымен аяқталмақ.
Шайтанкөл
Қарағанды облысы
@madina.jpg
Қоқиқаздарды, тырналарды және басқа да құстарды көргіңіз келсе, Қорғалжын қорығына аттаныңыз. Мұнда таксимен, автобуспен немесе жеке көлікпен баруға болады.

Автобусты таңдаған жолаушылар «Сапаржай» автовокзалынан Астана-Қорғалжын бағыты бойынша жолға шығуы қажет. Бір бағыттағы сапардың ұзақтығы 2,5 сағаттан аспайды. Билеттерді сапаржайдан сатып алуға болады. Келгеннен кейін шамамен 200 метр жаяу жүру керек.

Ал автокөлікпен баратындар «P-2» және «R-206» трассаларымен жүруі керек. Жол жүру уақыты 2 сағаттан аспайды. Қорық аумағында автотұрақ бар.
Қорғалжын қорығы
Ақмола облысы
@_aiaylumi
Бұл жерді көбі біле бермейді, ал оны іздеп-табу оңай емес. Шатқалды балықшылар мен сапборд әуесқойлары жақсы көреді, өйткені мұндағы Сілеті өзені ең мөлдір өзендердің бірі. Жергілікті ландшафт фотосуреттерде керемет көрінеді.

Астанадан Ерейментау трассасы бойынша жол 230 шақырым. Ең алдымен Степногорск трассасына, одан әрі қаладан Бестөбеге, Бестөбеден оңға қарай далалық жолмен жаяу жүретін жерге дейін келесіз. Бір бағыттағы жолдың ұзақтығы 2-3 сағатты құрайды.
Сілеті шатқалы
Ақмола облысы
Сұңқар таулары қаладан Ерейментауға қарай 120 шақырым жерде орналасқан. Жол жақсы трасса арқылы өтеді. Алайда шамамен 15 шақырым жерді ауылдық жолмен жүруге тура келетінін айта кеткен жөн. «Балықты» көрсеткішінде бұрылып, ауылдың өзіне жетсеңіз, алда сізді қажетті жерге апарар көрсеткіштер болады. Жолдың ұзақтығы бір жарым сағат.

Мұнда жаяу, атпен, велосипедпен және көлікпен саяхаттауға, альпинизммен айналысуға болады. Таудың шыңдарынан таңқаларлық көріністер ашылады. «Сұңқар тауларының» көрнекі жерлерінің бірі — Әулие бұлақ.
Сұңқар таулары
Ақмола облысы
Ақтаудан 110 шақырым жерде орналасқан ерекше құрылыс, қасиетті жерлерді ұнататындардың қызығушылығын тудырары анық. «Үңгірге» күн батқанға дейін кіріп көрсе болады. Кіру тегін. Мұнда не туртоппен, не өз көлігіңізбен жете аласыз.

Алдымен Ақтаудан Таушық ауылына қарай беттейсіз (шамамен 90 шақырым). Ауылға жеткеннен кейін Форт-Шевченкоға қарай тағы 30 шақырым жүру керек. Айырықта қара жолға бұрылып, тағы 8 шақырым жүресіз. Шатқалдар аяқталғаннан кейін оңға бұрыласыз да, бірден мешіт айналасындағы метеостанция мен қонақ үйді көресіз. Жол талғамайтын көлікпен барған жөн. Жолдың ұзақтығы — 2 сағат.
Шақпақ-ата
Маңғыстау облысы
@akgulimi
Шерқала — Қазақстанның батыс бөлігіндегі тағы бір must visit орын. Шерқала әлемнің түкпір-түкпірінен келген саяхатшыларды өзінің биік шыңдарымен, жартастарымен және беткейлердің ерекше пішінімен таң қалдырады. Айтпақшы, орта ғасырларда бұл жерлермен Ұлы Жібек жолы өткен.

Шар алқабы мен Шерқаланың арасы небәрі 30 шақырым, алайда жол тез болып көрінгенімен, алданбаңыз. Тауға дейін бір жарым сағат кетеді, өйткені жол асфальтталмаған. Жол бойында сізге көптеген көрсеткіштер бар.
Шерқала таулары
Маңғыстау облысы
Біздің туристік жолсеріктің алғашқы мекені — Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. Ол Түркістанда, Шымкенттен 180 шақырым жерде орналасқан. Өз көлігіңізбен шамамен 3 сағатта жетесіз.

Мұнда 1166 жылы қайтыс болған ұлы ойшыл Ахмет Яссауи жерленген. Бастапқыда оның соңғы баспанасы Түркістан (ол кезде Яссы) маңындағы шағын кесене болды, бірақ 200 жылдан астам уақыт өткен соң, Әмір Темірдің бұйрығымен оған алып ескерткіш салынды. Кесенеге кіру тегін. Жұмыс уақыты: күн сайын 08:30–дан 20:00–ге дейін.
Қожа Ахмет Ясауи Кесенесі
Түркістан облысы
Ақмешіт — табиғаттың күшімен пайда болған қасиетті ғибадатхана. «Ақ мешіттің» тереңдігі 25 метрге жетеді. Үңгірдің ішінде өзіндік микроклимат бар, соның арқасында мұнда ағаштар өседі. Жұмбақ жер көптеген адамдарды өзінің энергиясымен ғана емес, сұлулығымен де тартады.

Мұнда жеке көлікпен немесе турмен жетуге болады. Көлікпен Ақмешітке Шымкенттен бір сағат ішінде жетесіз. Оңтүстік мегаполистен 80 шақырым, ал Түркістаннан 110 шақырым, яғни бір жарым сағаттық жол. Үңгірге кіру тегін. Сіз оған 08:00–ден 22:00–ге дейін бара аласыз.
Ақмешіт үңгірі
Түркістан облысы
Қырық қыз — пішіні Каппадокияға ұқсайтын табиғи ескерткіш, Шымкенттен 90 шақырым жерде орналасқан. Мұнда турмен немесе өзіңіздің көлікпен жете аласыз. Турмен жол жүру уақыты көлік пен жол бойындағы аялдамаларға байланысты.

Жолды Қазығұрттан, А2 ақылы трассасынан бастаған жөн. Әрі қарай Жібек Жолынан солға бұрылып, Жұмысшы ауылынан өтіңіз. Аққұм жолымен жүріп, айрықта солға, «Қырық қыз» ескерткішіне қарайтын жолға бұрылыңыз.

Бір бағытта автокөлікпен 2 сағатта жетуге болады.
Қырық қыз
Түркістан облысы
@yosumanyo
Наурызым қорығы — бұл қызыл кітапқа енген жануарлар, сирек кездесетін өсімдіктер және ЮНЕСКО–ның Бүкіләлемдік мұрасына енген қорық аймағы. Ол Қостанайдан 190 шақырым жерде, Қостанай-Қараменді трассасымен 2,5 сағаттық жерде орналасқан.

Егер мұнда қалааралық рейстік автобуспен барғыңыз келсе, 101 нөмірлі (Қостанай-Қараменді) бағытын таңдаңыз. Автобуспен бару көбірек уақыт алады, бірақ жергілікті флора мен фаунаның керемет көріністері оған тұрарлық.
Наурызым қорығы
Қостанай облысы
@yosumanyo
Көл жылдың кез-келген мезгілінде тамаша, таулы суайдындарын ұнататындарға керемет әсер қалдырады. Имантау Көкшетаудан 90 шақырым жерде орналасқан.

Көкшетаудан автобус күн сайын жүреді, бір бағыттағы жолға шамамен 2 сағатты құрайды. Немесе сіз Жылан аралына баратын экскурсияны ала аласыз.

Бұл жерге өз көлігіңізбен барған әлдеқайда ыңғайлы. Көкшетаудан R-231 тас жолымен 8 шақырым, одан кейін R-232 тас жолымен тағы 100 шақырым жүру керек. Жол асфальтталған, сондықтан кез-келген көлікпен баруға болады. Жолдың ұзақтығы — 1,5 сағат.
Имантау көлі
Солтүстік Қазақстан облысы
@asd_moonwise

Халық блогері ме, әлде тартымды міншіл ме? Тестілеуден өтіп, қандай саяхатшы екеніңізді анықтаңыз.

Сіз inDrive.Қалааралықпен бірге сапарға шықтыңыз деп елестетейік. Саяхат кезінде сізді қиын таңдау жасауға мәжбүрлейтін ерекше жағдайлар күтеді. Тестілеуден өтіп, қандай саяхатшы екеніңізді біліңіз! Кеттік пе?

Басқа қалаға жету керек пе?
«Бағыттаспен» оп-оңай! Саяхатты ыңғайлы жерден бастаңыз және тек бір орын үшін төлеңіз

Қалай қолдану керек?
Қосымшадан «Қалааралық»-ты таңдаңыз
«Бағыттас» бөлімін ашыңыз
Сапардың бағыты мен күнін енгізіңіз
Өзіңізге уақыт пен баға бойынша қолайлы ұсынысты таңдаңыз. Жүргізушіге қоңырау шалып, толығырақ келісіңіз
1
2
3
4

Басқа қалаларға Бағыттас

Бір ғана орын үшін төлеп, саяхаттан ләззат алыңыз.
Басқа жолаушылармен бірге саяхаттаңыз және тек өзіңіздің орныңыз үшін төлеңіз

Қолжетімді

Теміржол вокзалдарынсыз — сізді қай жерден алып кетіп, қайда апару керегін өзіңіз таңдайсыз

Қолайлы

Жүргізушімен сапарыңыз жайлы тікелей келісесіз

Адамгершілікпен

© SUOL INNOVATIONS LTD, 2013-2023